+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Канада премьер-министрі: 4 провинцияда басталған коронавирустың екінші толқыны таралып жатыр

2020 жылғы 24 қыркүйек 10:06
Бөлісіңіз:
Канада премьер-министрі: 4 провинцияда басталған коронавирустың екінші толқыны таралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо 23 қыркүйек күні халыққа арнаған үндеуінде коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталғанын айтып, оның біріншісіне қарағанда ауыр болуы ықтимал екендігін ескертті.

Ұқсас жаңалықтар
Түрмелерде коронавирустың жаңа толқынына дайындық қалай жүргізілуде COVID-19-дың ауыр түрінде өкпе ғана емес жүрек, бүйрек, жүйке жүйелері зақымданады – дәрігер COVID-19: Шартараптағы сақтық шаралары

«Төрт ірі провинциямызда басталған екінші толқын жан-жаққа таралып кеткен. Жағдай көктемге қарағанда әлдеқайда нашар болуы мүмкін», - деді ол CTV News телеарнасының эфирінде.

Премьердің айтуынша, наурыз айында ауру жұқтырудың 47 жаңа оқиғасы тіркелсе, 22 қыркүйекте олардың саны 1 мың адамнан асқан.

Трюдо «екінші толқынды бақылауға алу» мүмкіндігі әлі бар екенін атап өтті, ол үшін канадалық азаматтар маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап жүруі және тұмауға қарсы екпе жасатуы тиіс.

Worldometer мәліметінше, Канадада COVID-19 жұқтырудың 147,8 мың оқиғасы тіркелген, 9,2 мың адам қайтыс болды, 91,5 мыңнан астам пациент жазылып шықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT