Канада мұнай-газ компаниялары Қазақстанға инвестиция салмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Канададағы Альберта провинциясының 14 компаниясы Қазақстанда өз компанияларын ашып, еліміздің  мұнай газ және энергетика саласына инвестиция құюға дайын. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Канададағы Альберта провинциясы үкіметінің сауда мен инвестиция бойынша бас директоры Лоран Оже айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыға Канада делегациясы «KEOGE» - «Мұнай және газ» қазақстандық халықаралық мұнай және газ көрмесі аясында келді.

«Альберта - Канада мұнай газ энергетика саласы дамыған 10 провинцияның бірі. Мұнда мұнай мен газ өндіру  аса дамыған технологиялармен жүзеге асады. Біз осы саладағы мүмкіндіктерімізді сіздерге көрсетсек деп едік. Сонымен қатар, Қазақстанның тәжірибесі де бізге артық етпес еді. Көрме аясындағы екі жақты тәжірибе алмасудан соң канадалық компаниялар Қазақстанда өз өкілдіктерін ашатындығына сенімдімін», - деді Л. Оже.
null 

Айта кету керек, канадалықтар осыдан 4 жыл бұрын Қазақстанда өз өкілдіктерін ашқан болатын.

«2014 жылы мұнай-газ саласында 2 канада компаниясы өз офистерін ашты. Сол жылы мұнай саласында дағдарыс болды да офистер жабылып қалды. Осы жылы жақсы тәжірибе болады деген үміттемін. Біз Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салуға дайынбыз», - деді ол.

Конференция Канада-Қазақстан іскерлік кеңесінің аясында Канаданың Ресей мен Еуразиядағы іскерлік қауымдастығының ұйтқы болуымен өтті.

Шара барысында канадалық делегация мен «Kazenergy» қазақстандық қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар