+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокста бақ сынайды

2020 жылғы 5 тамыз 19:32
Бөлісіңіз:
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокста бақ сынайды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокста бақ сынайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШЫҰ келесі жылы халықаралық бокс турнирін өткізбек Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокста сынға түседі Василий Ломаченко америкалық боксшыдан жеңіліп қалды

Бұл жөнінде MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының Instagram парақшасында хабарланды.

«MTK Kazakhstan бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевпен келісім-шарт жасалғанын қуанышпен хабарлайды», - деп жазылған аталмыш парақшада.

Еске сала кетсек, Қамшыбек Токио Олимпиадасына 91 келі салмақта жолдама жеңіп алған болатын. Сондықтан былғары қолғап шеберінің алдағы уақытта дүбірлі додада бақ сынауына мүмкіндігі бар.

Айта кетерлігі, ол мұндай бәсекеде тұңғыш мәрте шаршы алаңға шығады.

Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылы 18 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әлем (2017, 2019) және Азия чемпионаттарында (2017, 2019) екі-екі мәрте күміс жүлдегер атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT