+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Қамқорлық: Түркістан облысында 7 мыңға жуық мұқтаж жанға көмек көрсетіледі

2020 жылғы 29 қаңтар 19:27
Бөлісіңіз:
Қамқорлық: Түркістан облысында 7 мыңға жуық мұқтаж жанға көмек көрсетіледі

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 500-ге жуық отбасы «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы бойынша жан-жақты көмек алды. Өңірде өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетудегі жаңа жоба аясында 1534 отбасына, яғни 6643 адамға көмек көрсетілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ұқсас жаңалықтар
Сарыағаш ауданында тұрмысы төмен отбасылар қажетті азық-түлікпен қамтылуда Сайрамда «нұротандықтар» жалғызбасты анаға үй салып берді Көлік полицейлері 82 жастағы кейуанаға көмектесті

Бұл мақсатта жергілікті бюджет арқылы 1,6 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсету қарастырылуда. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырыла бастаған жаңа бағдарлама аясында тұрмыс тауқыметін тартқан жандарды қажетті азық-түлікпен қамту, медициналық жәрдем беру қарастырылған. Оларды тұрақты жұмысқа орналастырып, мамандығы жоқ азаматтарды қайта оқу курстарына жолдама беру мен баспанамен қамту мәселесін демеушілерді тарта отырып шешу көзделген.

Аталған шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары мен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы бастаған бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері және жеке кәсіпкерлер қатысуда. Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес олар әр үйді жеке аралап, жағдайымен танысуды жалғастырады.


«Елдігімізді көрсетуіміз керек. Бұл шараны жүйелі түрде, тұрақты түрде жүзеге асып отыру қажет. Әр әкім өзі жүру арқылы нағыз көмекке зәру отбасын анықтап, олармен тығыз байланыста болсын. Қазіргі тізіммен тоқтап қалмайық. Осы отбасыларға «аяғынан тұрып кететіндей» жағдай жасап, көмекті нағыз қажет ететін жандардың әрқайсысына жеткізу керек», - деді Өмірзақ Шөкеев.


Аппарат мәжілісінде сондай-ақ, әл-Фарабидің - 150, Абайдың - 175 жылдық мерейтойын, Алтын Орданың 750 жылдық мерекесін Түркістан облысында атап өту бойынша жоспарлар талқыланды. Бұл мақсатта өңірде 350-ден астам шара өткізу көзделген. Мерейтойлар аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың басын қосқан конференциялар ұйымдастыру, бірқатар халықаралық экспедициялар мен қазба жұмыстарын өткізіп сенсациялық жаңалықтар ашу күтілуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT