«Қамқор ана» 7 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Мама Роза» лақап атымен танылған Ольга Хамбулатова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов шығарды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

Судья Шығыс Қазақстан облысының тумасы Ольга Хамбулатованы ҚР ҚК 235 бабының 1 тармағы, 271 бабының 3 тармағы бойынша айыпты деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Ал Мама Розаның басқа да сыбайластары ІІД бұрынғы қызметкері, сержант Ақылбек Азат ҚР ҚК аталған баптары бойынша сот үкімімен - 9 жылға, Темеркенова Галина - 5 жыл 6 айға, Салықбаева Жанар - 5 жылға, Ларин Евгений - 5 жыл 6 айға, Моисеев Сергей - 5 жылға, Челюк Сергей - 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Іс материалдарына сәйкес, Ольга Хамбулатова жезөкшелер қызметін көрсететін жасырын ұйымда «жеңгетайлық» еткен. «Жезөкшелер ордасын» құруға оған Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Серік Бегасылов көмектескен деген күдік бар. Мама Роза С.Бегасыловқа қамқорлық қылғаны үшін айына 4 мың доллар көлемінде қаржы төлеп отырған. Мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, олар 8 адамнан тұратын қылмыстық топ құрған.

Ал Серік Бегасылов қылмыстық іс қозғалмас бұрын Қазақстаннан қашып кеткен. Алайда айыпталушының жоқтығына қарамастан сот процесі жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар