Кәмелеттік жасқа толмағандарға бейбіт шеруге шығуға рұқсат етілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасында адам жасына қатысты шектеу қойылмайды. Бұл туралы елордада заң жобасын талқылау барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қатысушы» деген ұғымға қатысты жасқа байланысты шектеу жоқ. Енді бейбіт жиналысқа 18 жасқа толмағандар да қатысуы мүмкін. Жобада жасқа қатысты шектеу бар, біз сол шектеуді алып тастауды қарастырып жатырмыз», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин.

Сондай-ақ, ол заң жобасынан алып тастаған кейбір міндеттемелер туралы айтты.

»Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған азамат бола алмайды« деген норма алынып тасталды. Сонымен қатар, бейбіт жиналысқа келушідер саны артып кеткен жағдайда жиналысты тоқтату керек деген міндеттеме де алынып тасталады», - дейді ол.


Еске сала кетсек, елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пен көпшіліктің қатысуымен бейбіт жиналыс өткізуге қатысты заң жобасы талқыланды.


Соңғы жаңалықтар