Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету әрекеттері тыйылмай тұр- ғалым

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар көбейді.

Бұл туралы ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Серік Қаржаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары мұндай қылмыстар көбейіп келеді және статистика мұны растайды. Мысалы, кейбір аймақтарда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтардың саны артып келеді», - деді Серік Қаржаубаев елордада өткен халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияда.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарында байқалады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы ҚР ҚК-нің 120-бабы бойынша 1004 құқық бұзушылық жасалды, оның 158-і кәмелетке толмағандарға қатысты.

«Статистикалық мәліметтер кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтардың үнемі өсіп отыратынын көрсетеді», - дейді ол.

Еске сала кетсек, елордада «Қазақстан Республикасының Конституциясы - қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция басталды.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қолдауымен Заңнама және құқықтық ақпарат институты негізінде Әділет министрлігі ұйымдастырды.


Соңғы жаңалықтар