Кәмелетке толмаған жамбылдық қызды зорлаған күдікті Алматыдан ұстады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбылдық полицейлер жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев facebook парақшасында жазды.

«21 қазанында сағат 17.00- шамасында Алматы қаласында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған 36 жасар күдіктіні ұстады»,-дейді департамент басшысы.

Күдікті тергеу жүргізу мақсатында Тараз қаласына жеткізілмек.

Айта кетейік, бұған дейін, 17 қазан күні Тараз қаласының ІІД жедел басқару орталығына Тараз қаласының 39 жастағы тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған, сондай-ақ «Томсон»маркалы теледидарды ұрлау фактісі туралы хабарлаған болатын.

Бүгінгі таңда аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Соңғы жаңалықтар