Кәмелетке толмаған қарағандылық жалған куәгерлік үшін сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 17 жастағы жігіт жалған куәлік еткені үшін айыпталды. Бұл туралы ekaraganda.kz сайты аталмыш соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сотта 17 жастағы П. ауыр қылмысқа қатысты іс бойынша кәугер ретінде жауап алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер берді деп айыпталды.

Іс деректеріне сәйкес, 2017 жылы ол кезде 16 жаста болған кәмелетке толмаған П. сотта қарақшылық шабуыл жасағанын айтып, «кінәсын» мойындаған. Ол мұндай қадамға танысын түрмеден құтқарып қалу үшін барған.

Ол соттың, прокурор мен адвокаттардың жалған куәгерлік үшін жауапкершілікке тарту қарастырылатыны туралы ескертуіне құлап аспай, райынан қайтпаған.

Енді П. ҚР Қылмыстық кодексінің  420-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды және оған 1 жылға пробациялық бақылау белгіленді.

 

Соңғы жаңалықтар