Кәмелет жасқа толмаған ақтөбелік көлігімен жиектасқа соғылып, екі досы ауруханаға түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 17 жастаға бозбала көлік руліне отырған. Жол-көлік апаты салдарынан көлік ішіндегі екі досы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік «Lada 21154» көлігін айдап келе жатып, Батыс-2 шағын ауданында жиектасқа соқтығысты. Салдарынан көлік ішінде отырған екі досы жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Кәмелетке толмаған балалардың көлік жүргізуге құқығы жоқ. Заң бойынша олардың ата-аналары жауапқа тартылады. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 10 адам қаза тауып, 82 адам жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар