Камчаткада магнитудасы 7,3 және 6,9 екі жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тынық мұхитының Камчатка жағалауында магнитудасы 7,3 жер сілкінісі болды. Бұл туралы РҒА Геофизикалық қызметінің Камчаткадағы филиалынан хабарлайды.

Ведомствоның мәліметтерінше, сейсмикалық оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:25-те, 187 шақырым тереңдікте орын алған. Сайтта сол уақытта бірнеше секунд айырмашылықпен магнитудасы 6,9 болған екінші жер сілкінісінің болғаны хабарланады.

Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары Елизов ауданында жер сілкінісі тіпті далада да сезілгенін, ал үйлердің бесінші қабаттарында тұратындарды «ерекше селкілдеткенін» жазады.

Кейінірек мигнитудасы 5,2 және 4,5 екі афтершок орын алған, деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар