Камбоджада егде жастағы азаматты 40 қолтырауын жұлмалап тастаған

None
Фото: AFP
ПНОМ ПЕН. ҚазАқпарат – Солтүстік Камбоджада қолтырауын өсіретін фермер олардың қаумалына құлап кетіп, оны 40 рептилия талап тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Луан Нам есімді қаза тапқан азамат жұмыртқасын тастап бара жатқан қолтырауынды тордан шығарып алмақ болған, жыртқыш оның таяғынан тартып, қаумалдың ішіне құлатып жіберген, деп хабарлады полиция.

«Басқа қолтырауындар оған тап беріп, жаны шыққанша талаған», - деді AFP агенттігіне жергілікті полиция өкілінің басшысы Мей Саври.

Оқиға жұма күні Сием Рип қаласына жақын маңда болған.

72 жастағы фермердің денесінің бәрі тістелген, бір қолы жоқ болды.

Ол қолтырауын өсіретін жергілікті фермерлер қауымдастығының президенті болатын.

Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елінде болған алғашқы жағдай емес. 2019 жылы әлемге танымал Ангкор-Ват храмына жақын маңдағы ауданда осы секілді фермада екі жасар қызды колтырауындар жеп қойған.

Камбоджада қолтырауындарды жұмыртқасы, терісі мен етін пайдалану үшін өсіреді.


Соңғы жаңалықтар