Камбоджада 11 жасар қыз құс тұмауынан қайтыс болды

None
Фото: Tang Chhin Sothy/AFP/Getty Images
ПНОМПЕН. ҚазАқпарат – Камбоджада 11 жасар қыз соңғы тоғыз жылда адамдар арасында таралған құс тұмауынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау органдары сәрсенбі күні Прейвэнг провинциясындағы ауылда қыздан H5N1 вирусы анықталғанын растады.

Қыз бір апта бұрын ауырған – оның қызуы көтеріліп, жөтелген және тамағы ауырған.

Камбоджа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның әкесінен құс тұмауы анықталған. Тағы 11 адам H5N1 вирусына тест тапсырған.

Денсаулық сақтау министрі Мам Бунхенг H5N штаммын Камбоджада соңғы рет 2014 жылы жұқтырып алынғанын растады.

Қызды ауылынан балалар ауруханасына жеткізген, бірақ ол диагноз қойылғаннан кейін қайтыс болған.

Камбоджада құс тұмауының соңғы жағдайы 2014 жылы тіркелген еді. Бұған дейін он жыл бұрын H5N1 вирусын 56 адам жұқтырып, оның 37-сі қайтыс болған.

Құс тұмауы жағдайы адамдар арасында сирек кездеседі, себебі адамдардың тамағында, мұрнында және тыныс алу жолдарында рецепторлар жоқ.

Індетке шалдыққан құстармен жұмыс істейтін адамдарда жұқтыру деңгейі жоғары.

2021 жылдан бері ДДСҰ H5N1 вирусын жұқтырған сегіз жағдайды тіркеді, олар Қытайда, Үндістанда, Испанияда, Ұлыбритания мен АҚШ-та.


Соңғы жаңалықтар