+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қамалжан Надыров ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

2019 жылғы 27 наурыз 13:02
Бөлісіңіз:
Қамалжан Надыров ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қамалжан Талғатұлы Надыров ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қ. Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, Тұран университетін, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін тәмамдаған. Әртүрлі жылдары Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» клиникалар тобы (Түркия), «Oxford «Social Health Insurance system» (Германия) оқудан өткен.

2007-2014 жылдары Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарған.

2016-2017 жылдары - «University Medical Center» бөлімшесінің директоры - Республикалық диагностикалық орталықты басқарған.

2017-2018 жылдары - Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2018 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT