+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Камалжан Надыров: Коронавируспен күресуге қосымша дәрігерлер мен волонтерлер қажет

2020 жылғы 1 шілде 11:41
Бөлісіңіз:
Камалжан Надыров: Коронавируспен күресуге қосымша дәрігерлер мен волонтерлер қажет

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров қаладағы жұқпалы және провизорлық ауруханаларда медициналық кадрлар жетіспей жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерлан Сайыров: Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау қалыпты жағдайға айналуы тиіс Пульмонолог коронавирус балаларға қаншалықты қауіпті екенін айтты Алматыда короновирус жұқтырған 825 адам үйінде ем қабылдап жатыр

«Өкінішке қарай, пандемия ұзаққа созылды. Төрт айдан бері менің әріптестерім алдыңғы қатарда, тәулік бойы пандемиямен күресуде. Қалыптасқан күш-жігерге қарамастан, жағдай бізден қосымша күш жұмылдыруды, қосымша ауруханалар ұйымдастырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейтуді талап етеді», - деді Камалжан Надыров.

Оның айтуынша, осыған байланысты медициналық кадрлардың қазіргі және болашақтағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қосымша мамандарды жұмылдыру қажет болып отыр.

«Қазіргі уақытта жұқпалы ауруханаларда, провизорлық стационарларда және зертханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, волонтерлер қажет. Біз медицина қызметкерлерін пандемиямен күресуге көмектесуге шақырамыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT