+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Камалжан Надыров коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырды

2020 жылғы 23 маусым 14:11
Бөлісіңіз:
Камалжан Надыров коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қашықтан жұмыс істейтін ресейліктердің 60 пайыздан көбі кеңсеге оралғысы келеді Жамбыл облысында пневмониямен ауырғандар саны 2,6 есеге төмендеді Коронавирус: Австралияда карантин талабын бұзғандарға 3,5 мың доллар айыппұл салынады

Оның айтуынша, Алматыда аурудың өскені байқалып тұр. Сондай-ақ коронавирустың ауыр түрімен ауыратын науқастар саны да артты.

«Бүгін мен коронавирустың ауыр түрімен науқастанған азаматтарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырдым. Өздеріңіз білетіндей, мен осы инфекциямен ауырдым және менің плазмам осы індеттің ауыр түрімен ауыратын пациенттерді емдеуге көмектеседі деп ойлаймын. Жұқтырғандар үшін қолданылатын бұл әдіс тірі вакцинаның әсеріне ие және көпшілікке сауығып кетулеріне көмектеседі. Донор болу – әрбір адамның парызы. Қазір Алматыда 2 мыңнан астам адам емделіп шықты. Мен әрбір ауырып жазылған адамды Covid-19 антиденесіне қан тапсыруға шақырамын. Осылайша, коронавирустан емделіп жатқан көптеген адамдарға, ең алдымен ауыр жағдайдағы науқасқа көмектесуге болады. Процедура қауіпсіз өтеді. Дәл қазіргі жағдайда – вируспен күрес жағдайында барлығымыз бірігуіміз керек. Мемлекет жұқпалы аурумен күресуде үлкен көмек көрсетуде. Біз барлық қиындықтарды лайықты түрде жеңе аламыз деп сенемін», – деді Алматы қалалық басқарма басшысы.

Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың антиденелерін алу процесі басталғанын айта кеткен жөн. Бұл процедураны қалаушылар Алматы қаласының Республикалық қан орталығында өткізе алады.

Республикалық қан орталығының директоры Дилявер Бекировтың айтуынша, бір ай ішінде 24 адам плазма тапсыруға өтініш білдірген. Бірақ тек үшеуі ғана донор болды, себебі оларда COVID-19 антиденелерінің жоғары титрі анықталған. Камалжан Надыров барлық белгілер бойынша донор ретінде сәйкес келді, өйткені оның ағзасында антиденелердің жоғары титрі анықталды.

Плазмаферез (плазма дайындау) процедурасы барысында бір донордан 600 мл плазма алады, жұқтырған адам үшін 200 мл жеткілікті. Плазманың мұндай көлемін алу донорға ешқандай зиян келтірмейді.

Бұл плазманың әсері пассивті иммундауға негізделген, яғни дайын антиденелер қанға ауыстырылады және осылайша пациенттің вирустарын бейтараптандырады.

Қазіргі уақытта дәрігерлер қолданатын барлық препараттар – бактерияға қарсы немесе қабынуға қарсы тек жанама сипатқа ие екендігін естеріңізге саламыз. Сондықтан да, емдеудің басқа әдістерін қолдану қажет болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT