+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Камалжан Надыров: Дәл қазіргідей жағдайда тұмауға қарсы вакцинаның маңызы зор

2020 жылғы 15 қыркүйек 13:16
Бөлісіңіз:
Камалжан Надыров: Дәл қазіргідей жағдайда тұмауға қарсы вакцинаның маңызы зор

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жақында тұмау мен жұқтырылған респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) ауруларына қарсы вакцинация маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан айыққан науқастар саны 102530-ға жетті Өткен тәулікте  69 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған Ақтөбеде дәрі бағасын өсірген дәріханалар қызметін тоқтатты

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың сөзінше, тұмау тарайтын уақыт келіп қалды. Сонымен қатар қазір коронавирус індетінің де тарап жатқанын ескерсек, вакцина қабылдаудың маңызы зор.

«Биыл біз тұмауға қарсы вакцинаға қазір ерекше маңыз беріп отырмыз. Себебі, пандемия кезінде екі вирустық инфекцияның қосарласу қаупі бар. Алматылықтарға осы мәселеге баса назар аударып, қауіптің алдын алуға кеңес беремін. Әкімдік алған вакцина бұрыннан тиімділігін көрсетіп келеді. Ол қауіпсіз», - деді Камалжан Надыров.

Айта кету керек, биыл жергілікті бюджет қаржысына 3 валентті тұмауға қарсы вакцина сатылып алынды.

«Гриппол Плюс» вакцинасының 130 мың дозасы алынды. Қазанда коронавирус қаупіне байланысты 300 мың доза жеткізіледі.

Биыл Алматыда тұмауға қарсы вакцинация жылдағыдан ерте басталып, желтоқсан айының басына дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT