Қалың тұманға байланысты Ақмола және Қарағанды облыстарында жол жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірқатар өңірде жол жабылғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1353 шақырым аралығында, Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.

Оған себеп - қалың тұман мен көрінудің шектелуі.

Сондай-ақ осы өңірде «Астана-Қорғалжын» тасжолының 19-124 шақырымында да көлік жүруіне тыйым салынды.

Қарағанды облысында да Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласында дейінгі жолда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Бұл - «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1425 шақырым аралығындағы учаске.


Соңғы жаңалықтар