Қалың тұман: Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «112» қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10:30-дан бастап күн райының нашарлауына байланысты (қалын тұман) республикалық маңызы бар Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы трассасының (1291-1353 шақырым аралығы) «Астана қаласы –Анар бекеті» учаскесі барлық автокөлік түрлеріне жабық.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Астанада тұман күні бойы сақталатынын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар