Қалта калькуляторын ойлап тапқан адам қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалта калькуляторын ойлап тапқан өнертапқыштардың бірі Джерри Мерриман 86 жасында қайтыс болды. The New York Times басылымының жазуынша, инженер-электрик Даллас қаласында жүрек ауруынан көз жұмған.

1965 жылы ол колледж дипломынсыз Texas Instruments электроника өндірушілеріне жұмысқа тұрады. Екі жылдан соң оған қалтаға сыятын шағын калькулятор жасау тапсырылады.

«Ол мұндай калькулятордың схемасын небәрі үш күнде жасап шыққан. Ол құрастырған калькулятор прототипі қазір Америка тарихының ұлттық музейінде сақтаулы», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар