+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

2019 жылғы 12 ақпан 15:20
Бөлісіңіз:
Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

1957 жылы Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы - заңгер. Полиция генерал-полковнигі.

1979 жылдан бастап - тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.

1989 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.

1992 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.

1997 жылдан бастап - Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.

2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.

2005 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Мемлекеттік наградалармен наградталған:

ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT