+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қалмұханбет Қасымов ТМД қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VII отырысына қатысты

2019 жылғы 20 қараша 17:25
Бөлісіңіз:
Қалмұханбет Қасымов ТМД қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VII отырысына қатысты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 20 қараша күні Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 7-отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраудың Ресеймен шекаралас аумағындағы қамыстың өртенуі расталмады Қостанайлық полицейлер халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшпек Павлодар облысының оқу орындарына 11 мыңнан астам бақылау камералары орнатылды

Жиын барысында ТМД кеңістігінде қауіпсіздікке және тұрақтылаққа бағытталған қазіргі сын-тегеурін мен қауіп-қатерлер жағдайындағы өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Соның ішінде шетелдік лаңкестерден төнетін қауіп-қатерлерді бейтараптау бағыттарды арттыруды және оларды ТМД елдерінің аумағына кіргізбеу жөніндегі ынтымақтастықтың қажетті шаралары талқыланды. Химиялық және биологиялық қауіптер, Ауғанстандағы ахуал, киберқауіпсіздік саласындағы қазіргі тенденциялар бойынша пікір алмасты.

Қ.Қасымов Сирия мен Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуне байланысты бірлескен әрекеттерді, діни-экстремистік және террористік ұйымдардың ықпалы күшейгенін атап өтіп, «ТМД кеңістігінде сыртқы қауіп-қатерлерді бағалау туралы» баяндама жасады.

Қалмұханбет Қасымов шара барысында Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы С.Засьпен, Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Х.Мохибпен, Өзбекстан Президенті жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы В.Махмудовпен және Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы А.Григорянмен екіжақты кездесулер өткізді.

Тараптар өңірлік және әлемдік қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасып, аталған бағытта ынтымақтастық орнату барысын талқылады. Сондай-ақ ынтымақтастық бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT