Қалмұханбет Қасымов теракт жасаған Күлікбаев туралы: Ол түзелмейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов екі жыл бұрын Алматыда теракт жасаған Руслан Күлікбаевқа түрмеде қатаң бақылау жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күлікбаев туралы айтарым: ол қазіргі уақытта түрмеде жазасын өтеп жатыр. Камерада. Қатаң бақылауда, әлбетте камераға бейнебақылау орнатылған. Ол екі мәрте өз өзіне қол салмақ болды. Өз өзіне қол жұмсамақ болғанын көрген біздің қызметкерлерге бірден ішке кіріп, әрекетінің алдын алды. Біз оны тұрақты бақылауда ұстайтын боламыз. Өз өзіне қол жұмсау туралы ойы бар екені түсінікті. Ол түзелуге келмейтінін айтқым келеді. Қолға алып жатқан жұмыстардың шынын айтқанда ешқандай психологиялық әсері жоқ. Ол өзінің пікірінде қалып отыр. Ол қатаң бақылауда бола береді», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 2 қарашасында Алматыда теракт ұйымдастырып, 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаевқа және оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шыққан болатын. 

Соңғы жаңалықтар