Қалмұханбет Қасымов Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың және Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен өткен келіссөздер барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар су қауіпсіздігінің жағдайын және трансшекаралық су ресурстарының экожүйелерін сақтау бойынша шараларды егжей-тегжейлі қарады. Соның ішінде Жайық өзенінің бассейнін сауықтыру туралы бірлескен жұмыс бойынша пікір алмасты.

Бұдан бөлек күн тәртібіне әлемде сауда-экономикалық тыйым салу жағдайындағы екі мемлекеттің әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейту бағыттары шығарылды.

Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары әлемдік және өңірлік қауіпсіздік саласындағы қазіргі ахуал мен әріптестіктің дамудың алдағы бағыттары бойынша пікірлерін білдірді.

Жұмыс нәтижелері бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар