Қалмұханбет Қасымов: Ramada Plaza қонақ үйін елордалық полициейлерге сұрап отырмыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астана қалалық ішкі істер департаментін Ramada Plaza қонақ үйіне орналастыру мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірше бұл мәселе шешілген жоқ, қарастырылып жатыр. Біз сұрап отырмыз. Өйткені, ол сатылымға шығарылғанымен, сатылған жоқ. Бізге жалпы үш ғимарат қажет. Ал біз олардың барлығын бір ғимаратқа топтастырғымыз келеді. Басқа да мүмкіншіліктерді қарастыру үстіндеміз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бірқатар ақпарат құралында Астана қаласының ішкі істер департаменті  Ramada Plaza қонақ үйіне орналастырылуы мүмкіндігі туралы ақпарат тараған болатын. Сол кезде Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев да бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылданбағанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар