+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

2020 жылғы 16 қаңтар 11:57
Бөлісіңіз:
Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.

1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолы:

1979-2005 жылдары ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы қ., Астана қ. және Алматы облысы).

2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі.

2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығы.

2011-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

2019 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

«Даңқ» орденінің кавалері.

Полиция генерал-полковнигі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен босатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT