+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің кездесуіне қатысты

2019 жылғы 18 маусым 16:59
Бөлісіңіз:
Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің кездесуіне қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің оныншы халықаралық кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Форум барысында 70-тен астам мемлекеттің өкілдері терроризмге қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік және төтенше гуманитарлық жауап қайтару жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.
null

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің шақыруымен кездесуге келген Қ.Қасымов «Гибридті қауіп-қатерлердің көбеюі жағдайында мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету» атты баяндама жасады.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен, Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохибпен және Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Эйтан Бен Давидпен екіжақты кездесулер өткізді.
null

Тараптар өңірлік және әлемдік қауіпсіздіктің негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты талқылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT