+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қалмұханбет Қасымов Бішкекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерімен кездесті

2019 жылғы 27 маусым 12:04
Бөлісіңіз:
Қалмұханбет Қасымов Бішкекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерімен кездесті

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтындахабарланды.

Жиынға қатысушылар халықаралық жағдайдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қазіргі сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл жүргізуге бағытталған маңызды кешенді шараларды қарастырды.

Басқосу нәтижесінде Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ынтымақтастығын тереңдетуге қатысты құжаттарға қол қойылды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы аясында Қ.Қасымов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердегі әріптестерімен бірқатар кездесу өткізді. Уәкілетті мемлекеттік органдар желісін әрі қарай дамытуға және ұжымдық қауіпсіздіктің қазіргі сынақтар мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Делегация басшыларын Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков қабылдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT