Қаллекидің кезекті маусымы Абай қойылымымен ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 қазанда Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының XXIX жаңа театр маусымы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Театрдың жаңа маусымы қалыптасқан дәстүр бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклімен ашылады.

«Биыл оныншы жыл театр маусымы «Абай» қойылымымен ашылады. Спектакльдің премьерасы 2009 жылы шілде айында өтті. Себебі театр өнерінің корифейі Қалибек Қуанышбаев сомдаған шоқтығы биік рөл – Абай болатын. Қаллеки сомдаған Абай образын туынды авторы, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің өзі жоғары бағалаған. Сондықтан, қойылымды сахналау аталған өнер ұжымына үлкен жауапкершілік жүктейді», - делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Әлімбек Оразбеков. Онда көрермендер қос Абайдың бейнесін көре алады. Аға Абай бейнесін – Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, Абайды – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов сомдайды.

9 қазаннан бастап, Қ. Қуанышбаев театры күнделікті 19.00-де көрермендерді репертуардағы спектакльдермен және жаңа премьералармен қуантады.

Соңғы жаңалықтар