Қаллеки театры жас драматургтерге іздеу салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры пьесаға қалам тартып жүрген жастарды бірлесе жұмыс істеуге шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының жетекшісі Айболат Сексембаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Драматургия саласына қалам тартып жүрген жас драматургтердің, соның ішінде қазақша комедия жазатын жастардың бізге хабарласуын сұраймыз. Үміткерлер жіберген шығармаларды көркемдік кеңес арқылы іріктеп, жақсы пьесаларды жарыққа шығарғымыз келеді. Бүгінгінің жастарын көргіміз келеді, олардың үнін естігім келеді", - дейді театр жетекшісі.

null 

Айта кетейік, 26 қазан күні Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ХХVII жаңа маусымы ашылады. Өткен маусымда "Ер Төстік", "Әміре", "Қызыл орамалды шынарым", "Зере" қойылымдарын ұсынған театр ұжымы бұл жолы  халықты Шәмші Қалдаяқовтың образымен, Оралхан Бөкей шығармаларымен және шетелдік классикалық туындылармен қуантпақ.

Соңғы жаңалықтар