Калифорниядағы өрттен 1027 құрылыс нысандарына зақым келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Калифорнияда «Дикси» атауын алған орман өрті АҚҚ штатының тарихында ең алапат апаттардың бірі деп бағалануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат San Francisco Chronicle-ға сілтеме жасап.

Штаттың өрт басқармасының мәліметінше, жалын 202 мыңнан астам гектар аумақты шарпыған.

Бұдан басқа, өрт 1027 құрылыс, соның ішінде 547 жеке тұрғын үй, сегіз көппәтерлі тұрғын үй, 131 коммерциялық емес нысан, сегіз коммерциялық және тұрғын ғимарат және 333 қосымша құрылысты зақымдады. Осылайша, «Дикси» штат тарихындағы алапат апаттардың қатарына енгізілді

Айта кетсек, 14 шілдеде басталған өрт Калифорнияның бірнеше округінде өршіп, жайылған.

Өрт салдарынан үш құтқарушы зардап шекті.


Соңғы жаңалықтар