+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Калифорниядағы өрт: Парадайс қаласы жанып кетті

2018 жылғы 12 қараша 08:03
Бөлісіңіз:
Калифорниядағы өрт: Парадайс қаласы жанып кетті

ЛОС-АНДЖЕЛЕС. ҚазАқпарат - Калифорнияда орман өртінен қаза тапқандар саны 25 адамға жетті. 250 мың адам өз үйін тастауға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ға сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Калифорнияда үш ірі өртті сөндіре алмай жатыр. Олардың бірі - Солтүстік Калифорнияда. Ол штат тарихындағы ең ірі өрт болып отыр. Жергілікті биліктің дерегі бойынша, жалын 42 мың гектарды шарпыған. Қаза тапқан 25 адамның ішіндегі 23-інің өмірін осы өрт қиып кетті. Тілсіз жау Парадайс қаласын толықтай жайпаған.

Оңтүстік Калифорнияда тағы екі өрт болып жатыр. Ол Лос-Анджелес ауданы мен Вентура округін де шарпыған. Бір түннің ішінде оның аумағы 28 мың гектарға дейін өскен, ал екіншісі 1,8 мың гектарды құраған. Өрт Тынық мұхитына қарай жылжып барады, салдарынан жағалаудағы аудандарға, танымал калифорниялық курорт Малибуға қауіп төніп отыр.

Штатта төтенше жағдай жарияланды. Өрт сөндірушілердің болжамы бойынша, оның таралуын толықтай бақылауға алу үшін үш апта уақыт қажет.

Штаттың солтүстігінде, Сакраменто маңында да өрт тұтанды. Оның салдарынан Парадайс қаласында бес адам қаза тапты - олар өз көліктерінде көз жұмды.

26 мың адам тіршілік кешіп жатқан Парадайс қаласы тұрғындарының басым бөлігі эвакуацияланды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT