Калифорниядағы орман өртінен 6 адам мерт болды

None
None
ЛОС-АНДЖЕЛЕС. ҚазАқпарат – АҚШ-тың батысындағы өрт сөндірушілер тобы, әскери ұшақтар және Ұлттық гвардия күштері жексенбіде АҚШ-тың Калифорния штатына аймақтағы жиырмаға жуық ірі орман өртін өшіру үшін келді. Сан-Франциско шығанағы аймағы өртеніп жатыр. 200 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Өрт әртүрлі бағытта таралуда және бірнеше елді мекенге тараған», - деп хабарлады LNU Lightning Complex деп аталатын ең ірі өрт туралы Калифорнияның орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаменті.

Соңғы аптада Калифорнияның солтүстігі мен орталығында найзағай түскен соң тұтанған өрт кем дегенде алты адамның өмірін қиды. 700-ге жуық үй мен басқа да ғимараттарды қиратқан. Жалпы алғанда, өрт салдарынан шамамен бір миллион акр жер жанып кетті.

Өрт Напа, Сонома, Лейк, Жоло және Солано округтеріндегі шамамен 340000 акр (1 акр - 0,4 гектар) аумақты қамтыған.

Қазіргі уақытта бұл америкалық штат тарихындағы екінші ірі табиғи өрт және жексенбі күні түстен кейін тек 17%-ы ғана өшірілді. Оңтүстік бағыттағы SCU Lightning Complex деп аталатын өрт 339 000 акр аумаққа таралды.

Сенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп өртті ірі табиғат апаты деп жариялады, жеті ауданда өрттен зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпорындарға уақытша баспана мен жөндеу ақысын төлеуге көмектесу үшін федералды қ аражат бөлуді бұйырды.



Соңғы жаңалықтар