Калифорниядағы атыс: төрт адам мерт болып, оны жарақаттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Фресно қаласында (Калифорния штатында) болған атыстан 10 шақты адам жарақат алып, төртеуі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін NBC телекомпаниясы тоғыз адамның жарақат алғандығы туралы мәлім еткен еді. Оның хабарлауынша, жексенбі күні кешке шабуылдаушылар жер үйге басып кіріп, теледидардан футбол ойынын көріп отырған үй иесі мен оның достарына оқ жаудырған.

Агенттік мәлімдегендей, үйдің ауласынан үш адамның мәйіті табылған. Жарақат алған жетеуі ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі көз жұмды.

Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде, атыстың себептерін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар