14:15, 26 Шілде 2017 | GMT +6
Калифорнияда тиіннің кесірінен 45 мың адам жарықсыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорниядағы Сан-Диего қаласында 45,5 мың адам тиіннің кесірінен жарықсыз қалды. Бұл туралы CBS8 телеарнасы хабарлады.
Оқиға кеше күндіз болды. Жануар электр өткізу желісін зақымдап, соның салдарынан бірқатар тұрғын үйлерде, мектептерде, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындарда жарық өшкен.
Айта кетейік, мамандар бір сағаттан кейін электрмен жабдықтауды қалпына келтірді.