Калифорнияда мектептегі атыс: 2 бала мерт болып, үшеуі жарақат алды

None
None
АНТА-КЛАРИТА. ҚазАқпарат – Калифорния штаты Санта-Кларита қаласында орта мектепте атыс болып, екі бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Лос-Анджелестен 40 миль қашықтықта орналасқан мектептегі атыстан 14 жастағы жасөспірім мен 16 жастағы бойжеткен қаза тапты. 14-15 жастағы үш мектеп оқушысы түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханада жатыр.

Оқ атқан осы мектепте оқитын Натаниэль Берхов атты оқушы болып шықты. Куәгерлердің айтуынша, сабақ басталардың алдында Берхов сөмкесінен тапанша алып оқушыларға, кейін өзінің басына оқ атқан.

Лос-Анджелес округінің полициясы оқ атқан оқушының ауруханада ауыр халде жатқанын хабарлады.

Әзірге оның не үшін оқушыларға оқ атқаны белгісіз. Полицияның мәліметінше, Берховтың сол күні туған күні болып, 16 жасқа толған.

Оның анасы мен сүйіктісі қазір полиция учаскесінде. Полиция оқиғаның не себепті болғанын анықтауға тырысып жатыр. Оқ атушы мен оның құрбандарын бір нәрсе ғана байланыстырады – олар бір мектепте оқиды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Санта-Кларитада мектептегі атыс салдарынан балаларынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

«Біз қаза тапқандардың отбасылары мен достарына қайғырып, көңіл айтамыз және жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуі үшін дұға етеміз», - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.

Автор:

Татьяна Кудренок

Фото: edition.cnn.com

Соңғы жаңалықтар