Калифорнияда «Көрінбейтін үй» сатуға шығарылды

Фото: Фото: cnbc.com
САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат – Калифорния штатында «көрінбейтін үй» сатуға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNBC-ге сілтемемен.

Джошуа-Три ұлттық саябағындағы үй 18 миллион долларға сатылып жатыр. Бұл Лос-Анджелестен оңтүстік-шығысқа қарай екі сағаттық жердегі Сан-Бернардино округінде орналасқан ең қымбат нысан.


Үйдің қасбеті айнадан жасалғандықтан, үйге «көрінбейтін үй» деген атау берілген. Айнадан іштегі адамдар көрінбейді, тек шөл даланың жартасты ландшафты көрінеді.
Заманауи сәулет нысаны Джошуа-Три ұлттық саябағынан бірнеше қадым жерде орналасқан. Тұрғын үйдің аумағы 5 500 шаршы фут, онда үш жатын бөлме, төрт жуынатын бөлме және ұзындығы 100 фут болатын жабық бассейн бар.
Үйді кинопродюсер мен қазіргі иесі Крис Хэнли мен сәулетші Томас Осински жобалаған.
Үйдің сатуға шыққанына төрт ай болған, әзірге ешкім қызығушылық танытпаған.

Соңғы жаңалықтар