Калифорнияда дауылдан 14 адам қаза тапты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияға келген дауылдан 14 адам қаза тапты. Жағалау маңындағы Монтесито ауданында бес жасар бала суға ағып мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Бала мен оның анасы су тасқыны кезінде көлікте болған. Жолдағы адамдар оның анасын жүк көлігінен шығарып алған, бірақ баланың көліктен суға ағып бара жатқанын көрген. Кейін құтқарушылар оның аяқ киімін тапты, ал баланы 7 сағат бойы сүңгуірлер іздеді.

АҚШ ұлттық метеорологиялық қызметінің дерегі бойынша, 12 сағатта өңірге 20 см жауын жауған. Он мың үй мен 100 мың адам жарықсыз отыр.
Дүйсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден Калифорнияда төтенше жағдай жариялады. Тұрғындар эвакуацияланып жатыр.
Монтесито Санта-Барбараға жақын орналасқан, мұнда көптеген танымал адамдар тұрады, соның ішінде ханзада Гарри мен оның жұбайы Меган, танымал тележүргізуші Опра Уинфри бар.
Бұған дейін Калифорнияда дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды
Фото: GETTY IMAGES





Соңғы жаңалықтар