Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

Қали Сәрсенбай: Ұлт болашағына қызмет етудің көзі - білім

2019 жылғы 3 мамыр 15:04 4169
Бөлісіңіз:
Қали Сәрсенбай: Ұлт болашағына қызмет етудің көзі - білім

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Бүгін Алматы қалалық мәслихаттың депутаты, белгілі журналист, «Алматы ақшамы» басылымының бас редакторы Қали Сәрсенбай «Nur Otan» партиясының Алматы бөлімшесінде жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жастар жылы  деп жарияланғаны тегін емес. Ел болашағы -  жастар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі жастарға қолдау көрсетіп келеді.. Сондай-ақ жауапкершілікті  жаңа буынға сеніп тапсыруы үлкен істің, өнегенің  басы болғаны да рас. Бұл жастарға үлкен сенім арту,- деп бастады жүздесуді Қали Сәрсенбай.

«Алаш ардақтылары - Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейхановтар кезінде бір-біріне қамқор болған. Әлихандар 30-ға жетпей, Тұрар Рысқұловтар 19 жасында «атқа міне» бастаған», - деді Қали Сәрсенбай.

Оның айтуынша, жастар ұлт болашағына қызмет етуге мүмкіндік беретін білім алуы керек. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр.

«Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да бұған кеңінен тоқталып өткен. Барлығы өз негізін кешегі ұлыларымыз айтқан тамырдан алады. Қазіргі бағдарламамыз, бағытымыз осы. «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде қаншама кадрлар дайындалды. Қазір сол оқып келген студенттер сан салада жұмысқа кіріп жатыр. Ертеректе Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан жастарға арнап хат жазған да болатын. Онда жастардың  міндеті -  жоғары білім алып, ал алған білімін  елді дамытуға, Қазақстанды әлемге танытуға жаратуы тиіс екендігін атап өткен еді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының  бір қанаты - Жас Отан. Ол мына отырған сіздер. Ендеше алған тәрбие, білім, ертең өз ұлтыңа мәңгілік қызмет етуі тиіс. Осы бағытта жұмыс істеу керек», - деді Қ.Сәрсенбай.

Жиынға келген жастар қоғам қайраткеріне ғылым мен білім, журналистика, қоғам саласында алаңдатып жүрген сұрақтарын қойды.

 

Фото: anatili.kazgazeta.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT