Қалған егіс алқаптарын ору үшін комбайндар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр - Қостанай облысының әкімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының фермерлеріне қолайсыз ауа райы кедергі жасауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы өңірдің әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлім етті.

Бүгінде өңірде астықтың 16 пайызы орылмағанына тоқталған әкім, еліміздің Солтүстік өңірі тәуекелді аймақта орналасқанын, осы орайда биыл жауын-шашын мол болғанын, бұл өз кезегінде егін орағы науқанында қиындықтар тудырғанын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде егін орағына барлық күштер тартылған. Қазіргі кезде өңірдегі егіс алқаптарына қар қалың түспеген және қардың астында қалып қойған егістіктер жоқ екен.

«Солтүстікке қарай түскен қалыңдығы 2 сантиметрлік алғашқы қар бүгінде еріп кетті. Бүгінде минус 5-7 градустық температура қалыптасты. Осы орайда бізге тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік туып отыр. Сәйкесінше, түнде екі ауысыммен астық орып жатырмыз»,-деді ол.

Осы орайда ол комбайндар тоқтаусыз жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар