Қалдық проблемасын шешу үшін экологиялық айыппұлды көтеру қажет - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалдықтар проблемасын шешу үшін экологиялық айыппұлды көтеру қажет. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК бас директоры Замир Сағынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, қалдықтарды құрылыс барысында қолдану қажет. Мұнан экологияға да үлкен пайда бар. Меніңше, қалдықтарды сақтауға талапты қатаңдату қажет. Сонда ол қалдықтарды тегін дерлік алуға болар еді. Өйткені, біз жол құрылысы барысында қалдықтарды қолдана бастасақ болды, олар (қалдық шығаратын кәсіпорындар) бағасын көтере бастайды. Тіпті қалдықтар кәдімгі шикізаттан да айтарлықтай қымбатқа түсе бастайды. Сондықтан қалдықтарды сақтағаны үшін үлкен экологиялық айыппұлдар енгізу қажет. Сонда шығарушыларға оларды өзінде сақтағаннан гөрі құтылған тиімдірек болар еді», - деді ол.

Оның дерегінше, бүгінде Қазақстанда 8 млрд текше метр қалдық бар.

«Біз бірнеше жылдан бері құрылыс барысында қалдықтарды қолдануға тырысып келеміз. Жобаға енгізіп, есебін шығарып, қалдықтарды сатып ала бастасақ, олар бірден бағасын көтереді. Сол себепті мұндай қалдықтарды сатып алу қымбаттай түсуіне орай мемлекетке де тиімсіз болып шығады»,- деді Замир Сағынов.

Соңғы жаңалықтар