Қаланың қақ ортасында кран құлап, бірнеше көлікті басып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкок қаласының орталығындағы көшеге құрылыс краны құлап, бірнеше адам зардап шекті. Сондай-ақ, екі қабатты дүкен ғимараты қирады, деп хабарлайды Bangkok Post газетінің ғаламтордағы нұсқасы.

Кран орталық Силом ауданының Саладенг 2 көшесіндегі биік тұрғын үй ғимаратының құрылысында жұмыс жасаған. Құлаған кезде үш автокөлікті, екі мотоциклді басып, электр беру желісінің сымдарын үзіп жіберген.

«Оқиға сағат 09.20 (Мәскеу уақыты бойынша 05.20) шамасында болды. Кранның құлауы кезінде кабинада болған жүргізуші жарақат алды. Сондай-ақ, автокөліктердің және бір мотоциклдің жүргізушісі, өтіп бара жатқан адам зардап шеккен», делінген хабарламада.

«Құтқарушылар краншыны кабина есігін бұзып алып шықты», - деп жазды  басылым. 

Соңғы жаңалықтар