Қаланы дұрыс жоспарлау өлім-жітімді азайтады - Жужанна Якоб

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа бюросының директоры Жужанна Якобпен кездесті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар қалада өтіп жатқан «Салауатты қалалар» Еуропалық желісі мэрлерінің саммиті аясында  өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Әңгіме барысында Жужанна Якоб  ДДҰ - ның Алматымен, жалпы Қазақстанмен ынтымақтастығы деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ, салауатты өмірді қалыптастыру мен денсаулық сақтау саласын модернизациялаудың оң нәтижелерін атап өтті.

 «Жайлы қала кеңістігін арттыру, қоғамдық көлікті дамыту, велосипедшілер және спортшылар үшін қолайлы инфрақұрылымды қалыптастыру қала тұрғындарының денсаулығын жақсартады. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, қаланы дұрыс жоспарлау онкологиялық және жүрек- қан тамыр аурулары салдарынан болатын өлім деңгейін орта есеппен 25%-ға қысқартады екен. Алматының  тәжірибесі тек Қазақстан ғана емес, Еуропа өңірінің бірқатар қалаларына да пайдалы», -деп атап өтті ДДСҰ Еуропа бюросының директоры

Ол осыдан 40 жыл бұрын қабылданған Алматы декларациясының  бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде қазірдің өзінде өзекті құжат екенін әрі халықаралық деңгейде маңызды рөл атқаратынын айтты. ДДСҰ қаламен  ынтымақтастықты кеңінен дамытуды жоспарлап отыр және қала тұрғындарының салауаттылығын жақсартудағы жұмысты одан әрі жалғастырмақ.

«Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің одан әрі дамуына ықпал ететін қалаларды тұрақты өрістетуге ерекше мән берілген. Жайлы және экологиялық қала кеңістігін, ҰҚЫҰ елдеріндегідей сапалы білім мен денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру - біздің басты бағыттарымыздың бірі. Осы орайда сапалы, жоғары дамыған медициналық қызмет көрсетудегі өзге қалалардың озық тәжірибесі бізге өте қызық», -деп атап өтті өз кезегінде Бауыржан Байбек.

Саммит барысында  Алматы әкімі бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, оның ішінде РФ Вологод облысының губернаторы Олег Кувшинниковпен, француздың Ренн, нидерландтық  Утрехт қалаларының басшыларымен жүздесті.

Соңғы жаңалықтар