+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

«Қаламқастағы» апат: Қытайлық компанияның лицензиясы уақытша тоқтатылды

2019 жылғы 19 сәуір 18:40
Бөлісіңіз:
«Қаламқастағы» апат: Қытайлық компанияның лицензиясы уақытша тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қаламқас» кен орнында бұрғылау кезінде орын алған апатқа байланысты қытайлық «Си Бу «Инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС-ға айыппұл салынып, лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың 3 наурызы күні сағат 17:30-да Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу «ИБК» (Ақтау) ЖШС-ның №8237 ұңғыманы бұрғылауы кезінде апат орын алған болатын. Осы факті бойынша Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы 2019 жылдың 8-19 сәуірі аралығында серіктестікке жоспардан тыс тексеру жүргізді», - делінген хабарламада.

Министрліктен мәлім еткендей, «Си Бу «ИБК» ЖШС қытайлық компаниясы мұнай және табиғи газ өндіру кезінде техникалық қолдау көрсетумен айналысады.

Тексеру нәтижелері бойынша серіктестіктің біршама талаптарды орындамағаны анықталған. Атап айтқанда, көмірсутек саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесіне сәйкессіздігі, технологиялық регламенттердің сәйкессіздігі, меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде кейбір жабдықтар мен аспаптардың болуын растайтын құжаттардың болмауы, арнайы қызметтер құру немесе жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болмауы, сондай-ақ заңды және «рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң талаптарының орындалмауы белгілі болған.

«Әкімшілік істі қарау нәтижелері бойынша 150 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, «ИБК» СиБу» ЖШС-нің көмірсутектер саласындағы қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензияның қолданылуы белгіленген бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, төтенше жағдай 13 наурыз күні Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында болған еді. «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылады.

Ал 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне «Қаламқас» кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланды.

Өз кезегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кен орнындағы жағдайды өз бақылауына алып, Үкіметке тиісті тапсырмалар жүктеген болатын.

Өрттің ошағы 25 наурыз күні сөндірілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT