Қаламқас кен орнында апаттық жағдай жоқ - Энергетика министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қаламқас кен орнындағы №8237 ұңғымасының қазіргі жағдайын баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№8237 ұңғымасындағы су мен газдың анықталу себебін зерттеу үшін Қаламқас кен орнында осы жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін сарапшылар тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Ол топтың құрамында тәуелсіз сарапшылар мен «НИИ ТБД «КазНИПИмунайгаз» ЖШС жобалық ұйымының өкілдері бар.

Сарапшылар тобының кеңесімен №8237 ұңғымасына бақылау жүргізілуде. Сонымен бірге, №8237 ұңғымасы ауданындағы 98 ұңғымада зерттеу жұмыстары, 13 ұңғымада геофизикалық зерттеу, бағандар кеңістігі арасына мониторинг жүргізілуде.

Сондай-ақ, жұмыс жоспарына сәйкес, ол аумақта ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстар да қолға алынған. Ол жұмысқа газ пластын оқшаулауға қатысты дайындық жұмыстары мен газ пластын оқшаулау бойынша кешенді жұмыстарға әзірлік басталған.

Хабарланып отырғандай, 2019 жылдың 22 мамырында болымсыз газ бен судың анықталғаны байқалған. (№8237 ұңғымасының сағасынан 20 метр жерде биіктігі 0,4-0,5 метрдей (немесе 40-50 см) және №8237 ұңғымасының сағасынан 35 метр жерде биіктігі 0,3-0,4 метрдей (немесе 30-40 см).

Аталмыш жағдай бойынша жедел штаб ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қолға алып, жұмыс жоспарына сай грифон тиеуді бастаған. Ұңғыманың сағасынан қысымды өршіту жүргізіліп, грифонды қашалау жұмыстары жүргізілген. Ықпал ететін 8 ұңғыма тоқтатылған.

Департаменттің хабарлауынша, №8237 ұңғымасында апаттық жағдай жоқ.

Еске сала кетсек, кеше Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнынан грифон анықталғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар