Қалалық ТЖД «барахолка» базарын тексеруді тоқтатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ТЖД «барахолкадағы» өрт қауіпсіздігін тексеруді тоқтатты. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында ТЖД мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Айдос Нүсіпбаев айтты.

«Барахолкадағы шағын және орта бизнес өкілдеріне жататын субьектілер жарияланған мораторийге сәйкес өрт қауіпсіздігіне тексеруден босатылды», - деді А.Нүсіпбаев. ТЖД өкілдерінің айтуынша, салынып жатқан нысандардың өрт қауіпсіздігі техникасы тексеріліп жатқан жоқ. Алайда, оларды қабылдау кезінде аталған талаптар қатаң ескерілетін болады. ТЖД құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас мамамы Гаухар Икамбаеваның айтуынша, өткен жылы «барахолка» бойынша бірнеше сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы тексеріліп, 26 базар бойынша 320 өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін бұзушылық тіркелген. «ТЖД аталған деректер бойынша сотқа арыз беріп, сот шағымдарды қанағаттандыру туралы шешім шығарған болатын. Қазір арыздар сот актісін орындау департаментіне берілді. 320 заң бұзушылық бойынша 21 лауазымды тұлға, 26 заңды тұлға жалпы сомасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млн. 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді А.Нүсіпбаев.

Соңғы жаңалықтар