Қалалық полиция басқармасы толық құрамда жұмыстан шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Индиана штатында Банкер Хилл қаласының полиция бастығы мен оның қол астындағы барлық офицерлер жұмыстан шығу туралы өтініш жазып, аталмыш қала полиция басқармасынсыз қалды, деп хабарлайды Guns.com.

Офицерлер Fox телеарнасына қала әкімшілігімен арадағы жанжал салдарынан жұмыстан шыққандықтарын жазып, ашық хат жолдаған. Олардың айтуларынша, «заңсыз, әдепсіз және адамгершілікке жатпайтын» әрекет жасауға итермелеген.

Бұрынғы полицейлер хабарлағандай, оларды қандай да бір қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу мақсатында қалалық кеңес мүшелерінің өмірбаяндарымен айналысуға мәжбүрлеген. Ал бас тартқандарды жұмыстан босатамыз деп қорқытқан.

Айта кетер болсақ, Банкер Хилл қаласында мыңға таяу  халық тұрады. Ал, қалалық полиция басқармасында бір басшы мен төрт офицер жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар