Қалалық iKOMEK109 орталығы өтініш қабылдайтын жаңа порталды іске қосты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы және BTS Digital компаниясы өтініш қабылдайтын жаңа aitu.city порталын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ikomekastana.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның арқасында елорда тұрғындары тек өздерінің ғана емес, сондай-ақ көпшіліктің де өтініштерінің дәрежесін онлайн тәртіпте бақылай алады.

Аitu.city – бұл тіршілікті қамтамасыз ету, абаттандыру және қауіпсіздік, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметтері мен жұмысы мәселелері бойынша өтініштерді беруге арналған жаңа интернет-алаң. Егер бұрын өтініштер мен олардың атқарылу дәрежесін тек өтініш берушілердің өздері ғана көре алса, енді әрбір тұрғын cайтта жарияланған өтініштерді қарап, сонымен қатар олармен әлеуметтік желілерде бөлісе алады. Бұл қала түйткілдеріне көбірек мән беріліп, олардың тиімді шешілуіне ықпал ететін болады.

Қазақстанда бұл бірегей портал болып табылады, оны тұтастай қайталайтын ресурс жоқ. Порталды әзірлеу барысында табысты халықаралық тәжірибелерге талдау жүргізілді.

aitu.city қалай жұмыс жасайды:

1-қадам. Өтінішті жіберу – Сіз үлгіні толтырып, суретті тіркейсіз.

2-қадам. Модерация – Өтінім iKOMEK109-дың атқаруына қабылданады және сайтта барлық өтініштердің ортақ тізімінде жарияланады.

3-қадам. Атқарылу дәрежесі – Өтінімнің жай-күйі жөніндегі жаңалықтар e-mail арқылы хабарландырылады, сонымен қатар оны «Менің өтініштерім» бөлімінде көруге болады.

Қазір портал тек елорда тұрғындарына ғана қолжетімді, алайда болашақта сервисті еліміздің басқа да қалаларында іске қосу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы iKOMEK109 миллионнан астам өтініш қабылдады, ал 2019 жылдың басынан бері өтініштер саны 920 мыңнан асып үлгерді. Барлық өтінімдер 109 нөміріне қоңырау шалу және басқа да байланыс арналары арқылы алынды.

BTS Digital – жаңа өнімдер мен сервистер экожүйесін қалыптастырушы ІТ-компания. Толығырақ: https://btsdigital.kz/kz/.

iKOMEK109 – елордада жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін қаланың тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігіне мониторинг жүргізетін мемлекеттік ұйым. Толығырақ: https://www.ikomekastana.kz/.

Соңғы жаңалықтар