+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қалалық басқармаларда сенім телефондары жоқ - Алматы

2015 жылғы 7 қазан 16:19
Бөлісіңіз:
Қалалық басқармаларда сенім телефондары жоқ - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қалалық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жанындағы қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Жиын барысында мемлекеттік ұйымдардың ашықтық мәселесі талқыланды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қалалық департаменті өкілі Анапин Мақсатханның айтуынша, бірқатар мемлекеттік органдар әлі де ашықтық принциптерін ұстанып отырған жоқ.

«Осыдан екі ай бұрын қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда мемлекеттік мекеме өкілдері де қатысты. Жемқорлыққа қарсы қалалық бағдарлама талқыланды. Өткен дүйсенбі күні де қала әкімі Бауыржан Байбек Елбасының 100 нақты қадам Ұлт жоспарындағы 95-99 қадамдарының орындалмай отырғанын атап өткен болатын. Яғни, ашықтық, есептілік жоқ. Көптеген органдар тәртіптік кеңестің ұсынымдарын орындап отырған жоқ», - деді М.Анапин.

Оның айтуынша, қалалық құрылыс басқармасының сайтында сыбайлас жемқорлықпен күрестің ескі бағдарламасы тұр. Сайт жаңармаған. Энергетика және коммуналдық шаруашылық, сәулет және құрылыс мемлекеттік бақылау басқармасында сенім телефондары жоқ.

Жыл басынан бері өз қызметіне салғырт қарағаны үшін 38 мемлекеттік қызметкер жазаланды. Ендігі кезекте тәртіптік кеңестің ұсынымдарына құлақ аспаған басқармалардың лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қолданылатын болады.

Айта кету керек, қала әкімі Бауыржан Байбек Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 95-99 қадамдарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдардың ашықтығын, есептілігін қамтамасыз ету үшін ай сайын есеп беруін талап еткен болатын. Ең алдымен, сын садағына қалалық білім беру және денсаулық сақтау баусқармалары ілінді. Әкімнің талабына сәйкес болашақта басқа басқармалар да халық алдында есеп беріп отыратын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT