Қалаға қосылған елдімекен тұрғындары дербес шотты қалай ашады – Алматы әкімдігі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға жақында қосылған елдімекемендердің тұрғындары электр энергиясына шамадан тыс қымбат ақша төлеп келеді. Олардың мәселесі жақын арада шешілетін болды.

Бұл туралы Алматыда өткен брифинг барысында қалалық Энергетикалық тиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен жаңадан қосылған елдімекендерді электр қуатымен сапалы қамтамасыз ету қолға алынған. «Тәуелсіздік алғалы бері 30 жыл аралығында саяжай тұрғындары өз күшімен электр желілерін жүргізіп, трансформатор қойған. Бірақ қазір оның барлығы ескірді. Трансформаторлар жекелеген мекемелер мен кәсіпкерлердің атында болған. Тарифтер әртүрлі болды. Осы мәселені шешуді Бақытжан Сағынтаев тапсырған болатын. Алдыңғы жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бірлесе отырып, 544 мекенжай бойынша электр желісін коммуналдық меншікке қабылдадық. Оның ішінде 164 трансформатор, 756 электр желісі бар», - деді ол.

Басқарма басшысы жеке дербес шот ашудың тәртібін де түсіндіріп кетті.

«Бірақ азаматтарымызға түсінікті болуы үшін келесі шарттарды орындау керек. Дербес есепшот ашу үшін техникалық шарт алуға тиіспіз. Техникалық шарт алу үшін әр тұтынушыда өз есептеу құралдары, үйдің жанындағы бағандағы электр желілерін (3 метр 10 метр арасында) ауыстыру жаңарту талаптары болады. «Алматы жарық компнаиясы» АҚ бағынатын 7 ауданда 7 мекеме бар. «АЖК» АҚ ресми сайтында барлық мәлімет тұр. Солардың мекенжайына хабарласа отырып, арыз жазып, 5 күннен соң техникалық шарт аласыздар. Оны орындаған соң «АЖК» АҚ барлық құжатты «Алматы ЭнергоСбыт» АҚ аударып, жеке шот ашады. Содан соң саяжай тұрғындары да электр энергиясын 17 теңгелік тарифпен төлей бастайды», - деді ол.

Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев иесіз жатқан электр желілері мен трансформаторларды қала балансына алу туралы тапсырма берген болатын.



Соңғы жаңалықтар